logo
search
menu

Балаларға әлеуметтік желіде отыруға шектеу қойылады

Балаларға әлеуметтік желіде отыруға шектеу қойылады
24 мамыр, 2023
Балаларға әлеуметтік желіде отыруға шектеу қойылады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    «Ашық» НҚА порталында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға «Бала қорғау» арналған кешенді жоспары жарияланды, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.  Жоспарда балалар SIM карталарын енгізу мен Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау көзделген. Кешенді жоспарда кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарламағаны үшін білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің жауапкершілігін қатаңдату, сот құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеген кезде құқық бұзушыны бірлескен тұрғын үйден уақытша шығаруды қамтамасыз ету, белгілі бір сағаттарда балалардың интернет желісіне қол жеткізуін шектеу, білім беру ұйымдарының өткізу режимін сақтау бойынша азаматтардың міндеттерін бекіту бойынша заң жобасына өзгерістер енгізу туралы айтылған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы