Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі соңғы қоңырау іс-шарасын 25 мамырға қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Taulik.kz Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл мәселе бойынша мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені, бұл (соңғы қоңырауды) тек 25 мамырға айырбастай салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты. (Соңғы қоңырауды – автор) қалпына келтіру басқа өзгерістер алып келеді, яғни 6 күндік оқу жоспарына (ауысу) немесе пәндегі оқу сағаттарын қысқарту. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес. Білім саласында мұндай шешімді қабылдауға жіті, дұрыс сараптама жүргізілуі керек», - деді министр Үкімет сағатына соң.Бұдан былай Қазақстанда 1 маусымда оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.
Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады, - деді комитет басшысы.Еске салайық, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанда оқушылардың соңғы қоңырау мерекеін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынған еді. Себебі, 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.