logo
search
menu
Жамбылда 50 млн теңгенің электронды темекісін заңсыз әкелген тұрғын сотталды
ашық дереккөзі

Жамбылда 50 млн теңгенің электронды темекісін заңсыз әкелген тұрғын сотталды

Жамбылда 50 млн теңгенің электронды темекісін заңсыз әкелген тұрғын сотталды

Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Taulik.kz

Қаржы мониторингі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті электронды темекі мен вейптерді алып мемлекеттік шекарадан өтпек болған екі көлікті ұстады.

«Жүк бөлімдерін тексеру кезінде рұқсатсыз және ілеспе құжаттарсыз 50 мыңға жуық «вейп» табылды. Табылған өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңгені құрады», - делінген агенттік хабарламасында.

Azattyq.ruhy агенттігінің жазуынша, сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылатын болды.