Түркістан облысында 5 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Түркістан облысында 5 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

ашық дереккөзі

Түркістан облысында бес жасар қыз зорланды. Полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлайды taulik.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап. 21-мамыр Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

"Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды", - делінген полицияның хабарламасында.
Бұған дейін БАҚ беттерінде жарақат алған қыздың кеңірдегі жыртылып, жансақтау бөліміне жатқызылғаны хабарланған болатын. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша,қазір қыздың денсаулығы тұрақты. Ол үйінде, ата-анасының жанында. Сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ.

Loading...