Мәзір
25 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Шымкенттегі мектептердің бірі 2,7 млн теңгеге доп алмақ болған

Шымкенттегі мектептердің бірі 2,7 млн теңгеге доп алмақ болған

Шымкенттегі мектептердің бірі 2,7 млн теңгеге доп алмақ болған Шымкенттегі мектептердің бірі 2,7 млн теңгеге доп алмақ болған
ашық дереккөзі
Шымкент мектебі 20 допты 2,7 млн теңгеге сатып алмақ болған. Бұл туралы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2,2 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды. Қалалық білім басқармасының «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен. Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген”, – деді ол.
Департамент басшысының сөзінше, мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Апта талқысында: