logo
search
menu

37 жастағы малшы із-түссіз жоғалып кетті

37 жастағы малшы із-түссіз жоғалып кетті
25 мамыр, 2023
37 жастағы малшы із-түссіз жоғалып кетті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Атырау облысында екі күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 37 жастағы малшыны іздеп жатыр, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, бақташының жоғалғаны туралы кеше, 24 мамырда сағат 15:12-де хабарланған.
    «Бақташы болып жұмыс істейтін 1986 жылы туған жігіттің қыстақтан 23 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17:00-де шығып кеткені анықталды. Қыстақ Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Содан бері одан еш хабар жоқ. Қыстаққа кері оралмаған», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
    Малшының қай бағытта кеткені белгісіз. Оны іздестіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 5 қызметкер мен 1 техника тартылған. Құтқарушылар қатарында Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де бар.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы