Мәзір
26 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Абай облысындағы өртті сөндіруге 800 адам, 10 тікұшақ жұмылдырылды

Абай облысындағы өртті сөндіруге 800 адам, 10 тікұшақ жұмылдырылды

Абай облысындағы өртті сөндіруге 800 адам, 10 тікұшақ жұмылдырылды Абай облысындағы өртті сөндіруге 800 адам, 10 тікұшақ жұмылдырылды
ашық дереккөзі

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінен-5, Қорғаныс министрлігінен-3, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен-2, яғни барлығы 10 тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
“Қазіргі уақытта авиациялық және автомобиль техникасын пайдалана отырып, үш учаскеде өрт сөндіріліп жатыр. Сондай-ақ 68303 ТЖМ әскери бөлімінің және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері жекелеген ошақтарды сөндіруде. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жалпы жану аумағы шамамен 3500 гектерды құрайды. Секундына 6-10 метр екпінді жел салдарынан, өртті сөндіру жұмыстары қиындап отыр. Сондай-ақ тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлердің болуы да өрттің өршуіне әсер етуде”, – делінген хабарламада.
ТЖМ мен Абай облысы ТЖД жедел штабтарының жұмысы жалғастырылуда, олардың міндеттері ТЖ аймағындағы жағдай туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау, қажетті ақпаратты беру; ТЖ күрделенуін және олардың салдарын болжау; ТЖ жою мәселелерін жедел шешу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Сондай-ақ өрт орнында командалық-штабтық машинаның жұмысы жүргізілуде.
«Қазгидромет» деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында секундына 15-20 метрге дейін екпіні бар солтүстік-шығыс жел күтіледі»,-делінген хабарламада.
Еске салайық, төтеншеліктер бірнеше күннен бері Абай облысындағы орман өртімен арпалысып жатыр. 22 мамырда Ресейдің Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, жалын «Семей орманы» табиғи резерваты аумағына тараған болатын.

Апта талқысында: