АҚШ-та ер адам көлігінен шығып, үйрек балапандарын жолдан өткізіп тұрғанда мерт болды, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Калифорния штатының Роклин қаласының маңында ер адам көлігінен түсіп, жол ортасында балапандарымен кетіп бара жатқан үйректі аман-есен өткізіп жібермек болады. Ол өзге көліктерді де тоқтатып, жақсылық жасауға ұмтылады. Алайда ізгі істің соңы қайғылы аяқталған. Мейірбан адам үйректерді жолдың арғы бетінен шығарып салған сәтте, күтіп тұрған көлік жүргізушілері оған қол соғып, қошемет білдіреді. Оқиға куәгерлерінің бірі – 12 жастағы Уильям Вимсат оның игі ісін суретке түсіріп те үлгереді. Артынша, бірнеше секундтан кейін жантүршіктірер соққының дыбысын естиді. Белгілі болғандай, көлігіне бет алған ер адамды қатты жылдамдықпен жеткен басқа көлік қағып өткен. Ол қатты соққыдан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі кезде полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр. Бір белгілісі, ер адамды қағып өлтірген көліктің тізгінінде 17 жастағы қыз отырған.
Loading...