БҚО-ның әкімі ауылда жұмыс істегісі келетін медицина қызметкерлеріне 2,5-5 млн теңге грант берілетінін айтты, деп хабарлады Taulik.kz.
Нариман Төреғалиев бұл істің себептерін де түсіндіре кетті.
Біріншіден, кадрлардың басым бөлігі ауылдарға барғысы келмейді. Оны жасырудың қажеті жоқ. Ауылға барғанда олар тұрақтамай кетіп қалғысы келеді. Біз кадр мәселесін шешу үшін гранттарды көбейтіп жатырмыз. Қазір біз ауылға барамын деген адамға 2,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін грант беру мәселесін шештік, - деді Нариман Төреғалиев ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ өңір басшысы мамандар баспанамен де қамтамасыз етілетінін баса айтты.
«Екіншіден, тұрғын үймен қамтамасыз ету. Үшіншіден, кадрлар өңірімізге тұрақтағанда шетелдік мамандарды шақырып, тәжірибе алмасуға немесе (кадрларды) шетелде оқыту мәселесін қарастырамыз», - деді өңір басшысы.