Думан Мұхамедкәрім босап шықты

Думан Мұхамедкәрім босап шықты

ашық дереккөзі


Журналистің фотосуретін әріптесі Асан Анарбайұлы әлеуметтік желіге бөлісті, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

“Думан Мұхамметкәрім босап шықты”, – деп жазды журналист.

Думан Мұхаметкәрім – журналист, YouTube-тегі «Не дейді» арнасының авторы, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларды белсенді түрде жариялады.

Ол 30 қаңтарда Мәжілістегі сайлау додасынан шеттетілді.

20 наурызда Думан Мұхаметкәрім Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырды.

21 наурызда оның 25 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.

Loading...