Lada.kz мәліметінше, 26 мамырдан бастап Ақтау жолдарында Сергек жүйесі іске қосылғаны туралы ақпарат тарады. Кейбір хаттарда тәртіп бұзғандар көп ұзамай айыппұлдар ала бастайтыны айтылған.
«Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Жүйе қосылған кезде облыс тұрғындарына ақпарат міндетті түрде беріледі. Сондықтан облыс тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын» деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлшара Бастаубаева.
Бұған дейін Ақтауда «Сергек» жобасының алдын ала іске қосылатыны туралы тұрғындарға хабарланған болатын. Жоба бойынша барлығы 1138 бақылау камерасы орнатылады. Мұнайлы ауданында да бейнебақылау жүйесі орнатылмақ.