logo
search
menu

Орталық спорт клубының бастығы тағайындалды

Орталық спорт клубының бастығы тағайындалды
27 мамыр, 2023
Орталық спорт клубының бастығы тағайындалды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Подполковник Арман Сайлауұлы Әбеуов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Арман Әбеуов 1982 жылы Жезқазған облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Қарулы күштерде Қорғаныс министрлігінің спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығынан Спорт комитеті төрағасының орынбасарына дейінгі лауазымдардан өтті. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Арман Әбеуов – самбодан үш дүркін Әлем кубогының иегері, дзюдодан Азия чемпионы, самбодан, дзюдодан және қазақша күрестен он дүркін Қазақстан чемпионы.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы