Мәзір
28 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Бұзау іздеуге шыққан»: Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті

«Бұзау іздеуге шыққан»: Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті

«Бұзау іздеуге шыққан»: Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті «Бұзау іздеуге шыққан»: Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында бұзау іздеуге шыққан екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Taulik.kz. Azattyq Rýhy жазуынша, қайғылы оқиға 27 мамыр күні Ырғыз ауданында болған. Төтенше жағдайлар қызметіне Құрылыс ауылында екі баланың суға кеткені туралы хабар түскен. Прокурорлар мен полиция оқиға орнына барды.
«Алдын ала болжам бойынша, 2011 жылы туған екі бала бұзау іздеуге шығып, оралмаған. Олардың жанында болған 13 жасар бала бірінің суға құлағанын, ал екіншісін көрмегенін айтты. Бүгін сағат 17:30-да жергілікті атқарушы билік пен жергілікті тұрғындар күшімен бір баланың денесі шығарылды. Суға батып кеткен бір баланың әкесі мұғалім, анасы кәсіпкер. Олар - Бәймен Алманов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары. Екінші баланы іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Оған төтенше жағдайлар бөлімінің екі техникасы, 7 адам жұмылдырылды. Сүңгуірлер де барды. Полиция мен жергілікті тұрғындар да оқиға орнында»,- деді облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
Бұл ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі де растады.
«Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 12 жасар ер баланың денесі сағат 18:30-да судан шығарылды. Қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған екінші ер баланың денесін табу үшін ТЖД, ДП, ЖАО және жергілікті тұрғындар іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр»,- делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
  Ал түнде құтқарушылар екінші баланың денесін тапты.
«28 мамырда сағат 1.25-те ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 12 жасар баланың денесін судан 5 м және жағадан 6 м тереңдікте шығарды», - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Апта талқысында: