Жетісу облысында ер адам 100 келіге жуық балықты заңсыз аулаған
«Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі болды, тәркіленген балық мемлекетке өткізу үшін қабылдау пунктіне тапсырылды. Келтірілген шығын шамамен 400 мың теңге болды», – дейді табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.Аталаған іс «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» фактісі бойынша тексерілуде.