Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
28 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Биыл Қазақстанда туристердің саны 9 млн-ға дейін жетеді деп күтілуде

Биыл Қазақстанда туристердің саны 9 млн-ға дейін жетеді деп күтілуде

Биыл Қазақстанда туристердің саны 9 млн-ға дейін жетеді деп күтілуде
ашық дереккөзі
Биыл Қазақстанда туристердің саны 9 млн-ға дейін жетеді деп күтілуде, деп хабарлайды Taulik.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Пандемиядан кейін елдегі туризм саласы қалпына келді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға артып, 8,6 млн-ға жетті. Биыл ел ішінде демалуға шешім қабылдаған қазақстандықтардың саны 9 млн адамға жетуі мүмкін деп болжануда»,- деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.
Белгілі болғандай, туризм саланың дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелердің бірі – жолдардың сапасы. Кеңесте Алматы – Өскемен, Астана – Балқаш – Алматы, Қызылорда – Жезқазған автожолдарын жөндеуді тезірек аяқтау қажеттігі айтылды, бұл осы өңірлердің курорттық аймақтарына туристерді көбірек тартуға мүмкіндік береді. Алакөлдің әуе қатынасы бойынша қолжетімділігін арттыру үшін рейстердің жиілігін көбейтіп, тасымалдауға неғұрлым кең әуе кемелерін тарту тапсырылды.
«Республикада туристерді қызықтыратын көптеген әдемі орындар бар. Мемлекет басшысының ерекше назарын, сондай-ақ халық пен бизнестен түсетін мәселелерді ескере отырып, қызмет көрсету сапасын жақсарту, инвестицияларды ұлғайту қажет. Туризм саласының әлеуеті зор. Оның дамуы жаңа жұмыс орындарын ашады және бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтады», — деді Алтай Көлгінов.