Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
28 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Түркияда президент сайлауы аяқталды

Түркияда президент сайлауы аяқталды

Түркияда президент сайлауы аяқталды
ашық дереккөзі
Түркия президентін сайлаудың екінші кезеңін өткізу үшін ашылған дауыс беру учаскелері жексенбі күні, жергілікті уақытпен сағат 17.00-де (Астана уақытымен 20.00-де) жабылды, бұл туралы Taulik.kz ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды. Ел ішінде және өзге мемлекеттерде барлығы 191,8 мың жәшік орнатылды. Сайлау учаскелері бүгін, сағат 08.00-де ашылған болатын. Дауыс беру аяқталысымен Түркияның Жоғары сайлау кеңесі (орталық сайлау комиссиясы) бюллетеньдерді санауға бірден кіріседі. Күтіліп отырғандай, аздаған уақыттан соң алдын ала қорытындыны жариялауға тыйым алынатын болады. Дауыс беру құқығына ел ішіндегі және одан тысқару аумақтарда тұратын 64 млн түрік азаматы ие. Шет мемлекеттерде сайлау 24 мамыр күні аяқталды, бюллетеньдер Анкараға жеткізілді. Дауыс беру аяқталған соң оларды да санау басталады. Президент сайлауы республиканың 81 провинциясында айтарлықтай құқық бұзушылықсыз өтті. Тәріпті 600 мыңнан астам полиция және жандармерия қызметкері қадағалады. Іс басындағы президент Режеп Тайи Ердоған ЫстанбұлдаОның қарсыласы, оппозициядан кандидат Кемаль Кылычдароглу өз таңдауын Анкарада жасады. Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс. 14 мамырда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде кандидаттардың ешбірі 50 процент дауыс жинай алмады: Түркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43%.