logo
search
menu

Павлодар облысында алкогольді лицензиясыз сатқан 30 шақты дүкен иесі жазаланды

Павлодар облысында алкогольді лицензиясыз сатқан 30 шақты дүкен иесі жазаланды
29 мамыр, 2023
Павлодар облысында алкогольді лицензиясыз сатқан 30 шақты дүкен иесі жазаланды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Павлодар облысында 30 шақты дүкен иесі алкогольді лицензиясыз сатқаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша материалдар жиналып, қалалық соттың қарауына жіберілді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері облыста 29 дүкен иесі құрамында спирті бар өнімдерді лицензиясыз сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды.
    «Екібастұз қаласының Абай көшесіндегі дүкендердің бірінде қаланың 40 жастағы тұрғынына тиісті құжаттарсыз алкогольдік ішімдіктерді сату фактісі анықталды. Полицейлер 453 шөлмек арақ пен коньяк, 532 түрлі сыра сусынын, сондай-ақ көлемі 50 литр құйылған сырасы бар 2 кегі тәркіледі. Алынған өнімнің үлгілері сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта тәркіленген заттың шығу тегі мен іске асыру жолдары анықталып жатыр», – дейді Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
    Сонымен қатар, рейд барысында сағат 22:30 шамасында Екібастұз қаласының Промышленный көшесіндегі жеке үйлердің бірінде құрамында спирті бар өнімдерді сату фактісі анықталды. Үй иесі құны 2500 теңге болатын құрамында спирті бар сұйықтықтың иісіне сыйымдылығы 1 литр пластик шөлмекте алкагольдік сусын сатқан. Учаскелік полиция инспекторы пластикалық шөлмекті тәркілеп, сараптамаға жіберді. Сараптама нәтижесі бөтелкедегі сұйықтықтың құрамында 44% этил спирті бар алкоголь бар сұйықтық екенін көрсетті.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы