Мәзір
9 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Өзіңіз туралы шындықты біліңіз: Суреттегі қай санды анық көріп тұрсыз?

Өзіңіз туралы шындықты біліңіз: Суреттегі қай санды анық көріп тұрсыз?

Өзіңіз туралы шындықты біліңіз: Суреттегі қай санды анық көріп тұрсыз? Өзіңіз туралы шындықты біліңіз: Суреттегі қай санды анық көріп тұрсыз?
ашық дереккөзі

Психологтар оптикалық иллюзия арқылы адамның қабілеттері мен қасиеттеріне талдау жасауға болатынына сенімді. Оптикалық иллюзияға негізделген психологиялық тестті назарларыңызға ұсынамыз.

Суреттегі қай санды анық көріп тұрсыз?

7

7 санын бақытты жандар көреді, оларды қарапайым нәрсенің өзі қуантады. Қазір сіздің жаныңыз тыныш, сізді осы қасиетіңіз үшін құттықтаймыз!

Сонымен қатар сіз тым эмоционалды әрі ашушаң жансыз. Басқалардан ерекшеленгенді ұнатасыз, сіз үшін бірқалыпты өмір сүру деген түсінік жоқ.

13

Бұл санды алғаш көрген жандар табиғатынан пессимист келеді. Үнемі қиындықтардан қорғанып жүреді. Белгілі бір іс-әрекет немесе оқиға сіз жоспарлағандай болмай жатса, өзіңізді қоярға жер таппай кетесіз. Сіз үшін өмірдің мәні жоқтай көрінеді, көңіл-күйіңіз түсіп, қайғырасыз. Бәлкім қазіргі уақытта стрессте жүрген боларсыз.

Өміріңіздегі сәтсіздіктер үшін өзіңізді ғана кінәлайсыз. Санаңыз «мүмкін басқа біреу кінәлі» немесе «ситуация солай болып қалды» деген ойларды қабылдамайды. Сіз айналаңыздан кемшіліктерді ғана көруге үйреніп қалғансыз.

16

16 санын батыл, мақсатына жетпей тынбайтын адамдар көреді. Егер сіз бір нәрсені қаласаңыз, оған қалай да жетесіз.

Сізде уақытты дұрыс басқара алу қабілеті қалыптасқан. Өзіңізге кешігуге ешқашан жол бермейсіз, кешіккен жағдайда қатты уайымдайсыз. Адамдарды бір көргеннен тани аласыз. Сол себепті өтірік айтатындар мен екіжүзділер сіздің жаныңызда жүре алмайды.

8

Бұл сан шығармашыл әрі құпияға толы жандарға көрінеді. Сіз айналаңыздың бәріне, тіпті, өзіңізге жұмбақ кейіпкерсіз. Өнер мен табиғат сиқыры – сізді нағыз қызықтыратын нәрселер. Әдемілікті жақсы көресіз.

Жаныңыз тым нәзік. Басқаларға арқа сүйегенді ұнатасыз. Жақындарыңыздың сізге қамқор болғанын және жақсы көзқараспен қарағанын бағалайсыз. Сынды аса ұната бермейсіз.

12

Сіз тым эмоционалды адамсыз. Басқа жанды жақсы көре аласыз. Романтика – сіздің әлеміңіз. Біреуді ұнатып қалсаңыз, құлай сүйесіз. Егер өз адамыңызды тапқаныңызға сенімді болсаңыз, барынша бақытты болуға және басқалар қызығатын қарым-қатынас құруға тырысасыз.

Көңіліңіз түссе жылай алатын, қуансаңыз күле алатын, яғни эмоцияңызды қалай бар солай көрсете алатын қасиетіңіз бар.

9

9 санын көбіне интроверттер көреді. Олардың жеке әлемі болады. Көпшілікті аса ұнатпайды, шулы ортада өзін жайсыз сезінеді.

Сонымен қатар өзіңіз сенетін бірнеше адаммен ғана араласқанды дұрыс деп есептейсіз. Достарыңыздың сенімді болғанын қалайсыз.

Бұл санды көрген адамдардың кейбірінде психологиялық травмалар болуы мүмкін.

Апта талқысында: