Маралдылықтар министр Сүлейменованы Семейде «қуып жетті» 

Маралдылықтар министр Сүлейменованы Семейде «қуып жетті» 

ашық дереккөзі

Маралдылықтар министр Сүлейменованы Семейде «қуып жетті», деп хабарлайды Taulik.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Абай облысы Семей қаласында экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова халықпен кездесіп жатыр. Шығыс Қазақстанның Маралды ауылының тұрғындары бұл жолы да министрдің алдында Маралдыдағы алтын қазушылардың мәселесін көтеру үшін Семейге барды. Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары «ауылымызды қазбасын» деп, алтын өндіруші компаниялармен күресіп жүр. Маралды халқы мұндағы елдің басына үлкен қауіп төніп тұр деп есептейді. Айтуларынша, Шығыс Қазақстаннан басталатын екі үлкен өзен – Күршім мен Маралдыны алтын зауыты улайтын түрі бар. «Цианидті пайдаланатын өндіріс біздің ауыл халқының денсаулығына үлкен зиянын тигізеді» дейді олар.

Loading...