logo
search
menu

ШҚО-да екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

ШҚО-да екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
29 мамыр, 2023
ШҚО-да екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Риддер қаласында көппәтерлі үйдің үшінші қабатынынан екі жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Taulik.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап. Жазатайым оқиға 26 мамырда сағат 12:00 шамасында Абай даңғылында болған.
    «Екі жасар бала бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлады. Бала санаулы ғана сәтке ересектердің қарауынсыз болған.  Бүлдіршін түрлі жарақаттармен Риддер қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы орташау ауыр», - деп хабарлады Риддер ТЖБ.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы