logo
search
menu

Педофилдерге кастрация жасаудың жаңа әдісі ұсынылды

Педофилдерге кастрация жасаудың жаңа әдісі ұсынылды
29 мамыр, 2023
Педофилдерге кастрация жасаудың жаңа әдісі ұсынылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау түріндегі мәжбүрлеп емдеу тәртібін өзгерту ұсынылды. "Кейбір заңнамалық актілерге, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Қылмыстық атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында сотталып, түрмеде отырған адам қоғамға қауіп төндірмейтін болғандықтан, химиялық кастрацияны бостандыққа шығар алдында бірден бастау керектігі ұсынылды. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаевтың айтуынша, кастрацияны қолдану әдісі өзгерген жоқ.
    "Химиялық кастрация - ерлер гормондарының немесе андрогендердің деңгейін төмендетеді. Сотталған адамның мерзімі аяқталуға алты ай қалғанда мекеме әкімшілігі сотқа сот сараптамасын тағайындау туралы өтініш хат береді. Оның балаларға жыныстық құмарлығы бар-жоғын анықтау үшін психиатриялық сараптама тағайындалады. Егер сараптама мұны анықтаса, онда оның тұрғылықты жерінде химиялық кастрация жасалынады", - деді Аюбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы