Алматы облысында сіріңкемен ойнаған бала жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы облысында сіріңкемен ойнаған бала жансақтау бөлімінде жатыр

ашық дереккөзі

Алматы облысында сіріңкемен ойнап жүрген үш жасар бала қайтты күйіп қалды, деп хабарлайды taulik.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, 27 мамыр күні Ташкенсаз ауылында екі бала үйдің ауласында ойнап жүрген. Біреуі бензин құтысының жанында сіріңке жаққан. Содан от лап ете қалды. 2020 жылы туған баланың мойыны, арқасы, бөксесі, оң жақы иығы, жалпы, денесінің 20-29 пайызы күйіп қалды. Оны дереу Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жеткізді. Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ал құтқарушылар қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Олар: балаларды қараусыз қалдырмау; жанғыш заттары бар канистрлерді балалардың қолы жететін жерлерде сақтамау;

"Балаларға сіріңке ойыншық емес екенін айтыңыз. Әдетте олар әлемді білуге, әртүрлі материалдарды өртеу арқылы тәжірибе жасауға ұмтылады. Сіріңкелермен жұмыс істеу дағдыларының болмауы балалардың өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қайғылы салдарға әкеледі", - дейді мамандар.

Loading...