logo
search
menu

Кореяның сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Кореяның сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді
29 мамыр, 2023
Кореяның сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
    «30 мамыр мен 1 маусым аралығында Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді. Сапар барысында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты келіссөздері жоспарланған», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифингте.
    Айбек Смадияровтың атап өтуінше, тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің, оның ішінде саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл салаларындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылайды.
    «Халықаралық ұйымдар мен форумдар аясында екі елдің ынтымақтастығы бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр. Сапар аясында корей министрінің мемлекет басшылығымен кездесуі жоспарланған», - деді ол.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы