logo
search
menu

Бірнеше министрлікке қарасты мекеме басшылары қамауға алынды

Бірнеше министрлікке қарасты мекеме басшылары қамауға алынды
30 мамыр, 2023
Бірнеше министрлікке қарасты мекеме басшылары қамауға алынды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
    Қылмыстық іс Абай облыстық сотында қаралды. Тергеу материалдарына сәйкес, мемлекеттік мекеменің үш басшысы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысып, кәсіпкерлерден жүйелі негізде 700 мыңнан 13 млн теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
    Кәсіпкерлер заңсыз сыйақыны лауазымды тұлғаларға резерват аумағында санитарлық тазалау мен ағаш кесуге рұқсат бергені, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойғаны, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін берді.
    Резерваттың үш басшысы 10 жылға сотталды, ал пара берген бес адам бір жарым жылдан үш жарым жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
    Барлық сотталған адамдар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттiк секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
    Үкім заңды күшіне енген жоқ.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы