Шымкентте жыландар үйлерге шабуылдап жатыр

Шымкентте жыландар үйлерге шабуылдап жатыр

ашық дереккөзі

Шымкентте жыландар үйлерге шабуылдап жатыр. Тұрғын үй аулалары мен шаруашылық бөлмелерінен бірнеше бауырымен жорғалаушылар табылған, деп хабарлайды taulik.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, бір ай ішінде құтқару қызметтеріне үрейленген азаматтардан 35 шақырту түскен. Жылан тіпті балабақша аумағынан да табылған. Құтқарушылар оны арнайы техниканың көмегімен ұстап, қауіпсіз жерге жеткізді. Соңғы екі айда үш адамды жылан шағып алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

"Айдың басынан бері 35 шақырту болды, 26 жағдайда жыландарды ұстадық. Қазір оларда жұптасу кезеңі жүріп жатыр, сондықтан мұндай белсенділік табиғи", - деді ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Орынбасар Төртбаев.

Loading...