Павлодар облысында Lexus пен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза тапты. Көліктер автотұраққа қойылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Azattyq.ruhy жазуынша, 28 мамыр күні сағат 23:20-да 33 км. Ленин - Курчатов тас жолында, Еңбек ауылының маңында Lexus RX-330 көлігі қарсы келе жатқан КамАЗ-5410 көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lexus RX-330 қарсы жолақ арқылы шұңқырға аударылып кеткен.
«Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп департаментте.
Айта кетейік, осы жылы полиция қызметкерлері көлік жүргізушілердің мас күйінде көлік жүргізген 459 оқиғаның жолын кескен. Барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.