Мәзір
30 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Жетім ғой деді» : Мейрамбек Бесбаевтың жары әншімен қалай танысқанын айтты

«Жетім ғой деді» : Мейрамбек Бесбаевтың жары әншімен қалай танысқанын айтты

«Жетім ғой деді» : Мейрамбек Бесбаевтың жары әншімен қалай танысқанын айтты «Жетім ғой деді» : Мейрамбек Бесбаевтың жары әншімен қалай танысқанын айтты
ашық дереккөзі
Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев жарымен концерттердің бірінде танысқан. Бұл туралы өнер иесінің жұбайы Мархабат Бесбаева "Алғашқы" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Taulik.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Мархабат Бесбаеваның сөзінше, ол алғашынды әншіні жетім деп ойлапты.

"Гүлжан деген құрбым, сыныптасым КазГУ-де оқитын. Ол кезде қабылдау кеші деген болатын. Сол кезде "кел, көрші" деді. Мен "жарайды" дедім. Ол мені сыртынан кіргізіп алды. Бір топ өлең айтып жатқан. Ол топты білмеймін. "Осылар айтып болсын, өтіп кетесің" деді. Сөйтіп, сахна сыртында тұрғанбыз. Топ айтады (ән айтады - еск.), қыздардың бәрі суретке түсуге жүгіреді. Мен "тез-тез болыңдар, қыздар. Өтіп кетейін" деп тұрғанмын. Мейрамбек "қыздар, суретке түсейік" дейді. Мен басқа жақта тұрғанмын. Ол "ана қыз суретке түспей ме" деп мені көрсетеді. "Танысайық, қыздар" деп бастады. Бәріміз атымызды айтып таныстық. Мен ол кезде танымаймын. МузАРТ-ты да, Мейрамбек Бесбаевты да. Үйге келіп, анамнан сұрадым. "Мейрамбек Бесбаев деген кім?" дедім. "Әнші ғой, әке-шешесі жоқ жетім ғой. "Бозторғайды" айтқан бала. Не болды?" дейді. "Таныстым" десем, "ойбу, әке-шешесі жоқ қой" дейді. Сөйтсем, елдің бәрі сөйтіп ойлаған ғой", - дейді әншінің жары.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаевтың жары өзі туралы қызық деректі бөліскен еді.

Апта талқысында: