logo
search
menu

Сабақ өткізбей жалақы алып келген директор қызметінен қуылды

Сабақ өткізбей жалақы алып келген директор қызметінен қуылды
30 мамыр, 2023
Сабақ өткізбей жалақы алып келген директор қызметінен қуылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астанада бір жыл бойы сабақ өткізбесе де жалақы алып келген №49  мектептің директоры қызметінен қуылды, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Осыған дейін Астанадағы №49 мектептің 10 сынып оқушылары мектеп директоры жоспарлы сабақтарды өткізбегенін айтып, бейнеүндеу жолдаған болатын. Оқушылардың шағымынан кейін қалалық білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген.
    "Қызметтік тексеру жүргізу үшін Басқарманың 26 мамырдағы № 1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Сол күні тексеріс жүргізіліп, жұмыс қорытындысы бойынша мектеп директорының әрекеті тәртіптік комиссия отырысында қаралды. Бүгінгі таңда басқарманың 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен №49 орта мектебінің директоры қызметінен босатылды", - деп хабарлады қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы