КамАЗ көлігі 6 жасар баланы қағып кетті

КамАЗ көлігі 6 жасар баланы қағып кетті

ашық дереккөзі

Атырауда КамАЗ көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кетті. Балақай оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы бүгін, 30 мамырда жергілікті уақытпен сағат 19:20 шамасында болған. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Атырау қаласының Жұлдыз-2 шағынауданында КамАЗ жүк көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кеткені анықталды. Көлік қаққан бала оқиға орнында мерт болды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты іс-құжаттар жинақталып жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезеңі жақындағандықтан ата-аналарға балалар қауіпсіздігін қадағалауды ескертіп отыр.

Loading...