logo
search
menu

Президент саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Президент саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
31 мамыр, 2023
Президент саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды тaulik.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
    – Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.
    Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы