logo
search
menu

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы тағайындалды
31 мамыр, 2023
ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы тағайындалды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Алтай Сембекұлы Әлі ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды. Алтай Әлі 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы «Рахат Палас Отель» қонақ үйінде байланыс орталығының қызметкері болып бастаған. 2010-2011 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері. 2014-2015 жылдары – Астана қалалық сотының бас маманы. 2015-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. 2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, көмекшісі болды. 2018-2019 жылдары – Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі. 2019-2020 жылдары – Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы. 2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы