"Күдікті есірткі сатумен айналысып жүргенін мойындады. Ол өзінің Ресей азаматы екенін және бұл “жұмысқа” әлеуметтік желі арқылы орналасқанын айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, Ресей азаматынан тәркіленген зат 30,1 грамм есірткі заты екені белгілі болды", – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың Ресей Федерациясында есірткі сатқаны үшін іздеуге жарияланғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.