Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
31 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстандықтарға Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстандықтарға Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстандықтарға Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Корея мен Қазақстанның Сыртқы саяси ведомство басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша елордада өткен баспасөз мәслихатында СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq. ruhy агенттігіне сілтеме жасап. 
«Бүгінгі келіссөзде министр Пак Чжинмен ықпалдастығымыздың әрі қарай дамыту жолдары жөнінде нәтижелі пікір алмастық. Энергетика, металлургия, денсаулық сақтау, ІТ және цифрландыру саласындағы озық технологиялар, автокөлік жасау, ауыл шаруашылығы, өнәркәсіп және өзге де бағыттарда корейлік компаниялармен өзара тиімді іс-әрекеттестік орнатуға мүдделі екенімізді тағы да қуаттаймын», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол Корея министрімен халықтар арасындағы байланыстың маңыздылығын ескеріп, екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін ортаға салғанына тоқталды.

«Өз тарапымнан Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмыс істеуіне, әсіресе, Кореяның «Еңбекке рұқсат беру жүйесінің» тізіміне Қазақстанды қосу еліміз үшін аса маңызды екеніне назар аудардым», - деді Мұрат Нұртілеу.