logo
search
menu

Асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақыны көтеру туралы Үкімет қаулысы шықты

Асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақыны көтеру туралы Үкімет қаулысы шықты
31 мамыр, 2023
Асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақыны көтеру туралы Үкімет қаулысы шықты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерлерін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап арттыру туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
    «2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап беріліп отырған әлеуметтік төлемдер мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін», - делінген Үкімет басшысы қол қойған қаулыда.
    Еске салйық, 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 1 қыркүйектен бастап асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысын 14,5% арттыруды тапсырған болатын. Араға бір күн салып, Президент тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, көпшілік талқыға шығарды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы