logo
search
menu

Несие алуға тыйым салатын заң әзірленуде

Несие алуға тыйым салатын заң әзірленуде
1 маусым, 2023
Несие алуға тыйым салатын заң әзірленуде
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстан азаматтарына кредит алуға тыйым салуға мүмкіндік беретін заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дайындап жатыр, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ведомствоның Ержан Бейсенбаевтың депутаттық сауалына берген жауабында айтылған. Өзгерістер азаматтардың банктік қарыздармен микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту құқығын бекітеді. Бұл сервис "электронды үкіметтің" веб-порталында және "eGov Mobile" мобильді қосымшасында іске асырылады. Жеке тұлғаның кредит тарихында несиеден ерікті түрде бас тарту туралы белгі болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредит беруге жеке тыйым салынады. Ал егер өзіне тыйым салған адамға кредит берілсе, ол кредит бойынша міндеттемеден босатылады. Ведомствоның мәліметінше, заңнамалық түзетулер қаржы нарығына қатысушылармен келісіліп қойған,қазір мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімі өтіп жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы