«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев! Мен Саяділ Асылтас Нұртасқызы 1-сыныпта оқимын. Менің туған күнім 17 мамыр. Сіздің туған күніңізбен бірге. Менің арманым Сізбен кездесу. Сіз мені Ақордаға кіргізесіз бе?», - деп жазды Асылтас Саяділ Мемлекет басшысына жазған хатында.Бүгін Халықаралық балалар күніне орай «Ақорда» резиденциясына ұйымдастырылған экскурсияға Асылтас арнайы шақырылып, ғимаратты аралап көрді.
«Қасым-Жомарт Кемелұлына көп-көп рахмет. Маған бүгінгі экскурсия ұнады. Шақырғаны үшін рахмет. Сыйлықтары ұнады. Өскенде Президенттің көмекшісі болғым келеді», - дейді Асылтас қуана.