logo
search
menu
Түркістан облысында бір мектептің 63 түлегі түгел грантқа түсті
ашық дереккөзі

Түркістан облысында бір мектептің 63 түлегі түгел грантқа түсті

Түркістан облысында бір мектептің 63 түлегі түгел грантқа түсті

Түркістан облысы Жетісай ауданы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясын бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары биылғы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтады.

Мектепті бітіруші бес сыныптың 63 оқушысы түгелімен мемлекеттік гранттың иегері атанды. Олардың 30-ы "Алтын белгіге", 21-і "Үздік аттестатқа" ие болды.

Айта кетейік, мектеп-гимназияның орташа балы 105 пайызды құраған. Аталған білім ордасынан соңғы 7 жылда 299 “Алтын белгі”, 125 "Үздік аттестат" иегері шыққан.