Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

ашық дереккөзі

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, 18 жастағы чехиялық Линда Носковамен шеберлік таластырды. Бұл олардың кортта алғашқы жолығысуы еді. Е.Рыбакина матчты брейкпен бастап, 3:1 есебімен алға кетті. Содан кейін тартысты геймде сетті тағы бір брейкпен бітірді – 6:3. Екінші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Бір сағат 26 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 5 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс жасағанымен, брейкке қол жеткізе алған жоқ. Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартич немесе дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормоның қай жеңгенімен таласады.

Loading...