Қостанайда полицей өзенге секірген қызды құтқарды
"Біз бірден көпірге жеттік, қыз суда болды, мен ойланбастан суға секірдім, серіктесім мені жағада сақтандырып тұрды. Қыз тереңде болмады, сондықтан мен оны тез жағаға шығарып, жедел жәрдемге тапсырдым", – дейді полиция қызметкері Мақсат Батыржан.