Субұрқаққа шомылған 3 жасар бала тоққа түсті

Субұрқаққа шомылған 3 жасар бала тоққа түсті

ашық дереккөзі

Павлодар облысының Ақсу қаласында субұрқақта шомылған 3 жасар қызды тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды taulik.kz Халық Үніне сілтеме жасап.

Жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 маусымда сағат 15:30 шамасында Астана көшесіндегі Балалар шығармашылық сарайының жанында 3 жасар қыз кәмелетке толмаған үлкен әпкесімен бірге субұрқаққа шомылған. Кейін оны тоқ соққан. Оқиға орнына жедел жәрдем 3 минутта жеткен. Осылайша, жағдайы ауыр бала Ақсу қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі baigenews.kz порталына қыздың жағдайы түскен кезде ауыр болғанын айтқан. Куәгерлердің айтуынша, қыз субұрқақта шомылу кезінде тоқ соққан. Науқастың түскен кездегі жағдайы ауыр болды. Сол себепті, жансақтау бөліміне жатқызылды. Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізілді. Санитарлық авиация саласындағы аймақтық мамандар кеңес берді.
Ол 21 сағаттан соң есін жиып, жағдайы орташа ауыр қалыпқа келді. Бақылау мен емдеу жансақтау бөлімінде жалғасып жатыр», - деп мәлімдеді ведомство.

Loading...