logo
search
menu

Мәжіліс Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Шәріпхановтың кандидатурасымен келісті

Мәжіліс Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Шәріпхановтың кандидатурасымен келісті
10 маусым, 2023
Мәжіліс Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Шәріпхановтың кандидатурасымен келісті
ашық дереккөзі
Мәжіліс Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Шәріпхановтың кандидатурасымен келісті, деп хабарлайды Taulik.kz ҚР Парламент мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпхановтың кандидатурасы келісілді. Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.
user

taulik

taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы