Мәзір
6 шілде, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Абай облысының тұрғыны бақшасын есірткі плантациясына айналдырған

Абай облысының тұрғыны бақшасын есірткі плантациясына айналдырған

Абай облысының тұрғыны бақшасын есірткі плантациясына айналдырған Абай облысының тұрғыны бақшасын есірткі плантациясына айналдырған
ашық дереккөзі
Полицейлер Абай облысының тұрғынынан 4,8 мыңнан астам түп қарасора тәркіледі, деп хабарлайды Taulik.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Абай облыстық полиция бөлімінің қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткіні заңсыз өсіру фактісін анықтады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Старая Крепость ауылының шетінен қоршалған плантацияны анықтады», деп жазылған облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі «Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Апта талқысында: