«Бесінші маусым күнінен еңбек демалысына шыққан болатын. Өзінің іскерлігімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында ерен еңбек етті. Өкінішке орай, 06.07.2023 ж. күні Алатау аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы қайғылы хабарды жеткізді. Туған-туыстарына, отбасына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз», деді Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. Ұстаз 52 жасқа қараған шағында мезгілсіз көз жұмды. Ол осы айдың 24 күні 52 жасқа толар еді. Әріптестерінің сөзінше, мектеп басшысының орынбасары ағаштан құлағанда, жұлыны үзіліп кеткен.