Мәзір
10 шілде, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Минус 40 млрд теңге: «Өзенмұнайгаздың» табысы туралы деректер жарияланды

Минус 40 млрд теңге: «Өзенмұнайгаздың» табысы туралы деректер жарияланды

Минус 40 млрд теңге: «Өзенмұнайгаздың» табысы туралы деректер жарияланды Минус 40 млрд теңге: «Өзенмұнайгаздың» табысы туралы деректер жарияланды
ашық дереккөзі
Минус 40 млрд теңге: «Өзенмұнайгаздың» табысы туралы деректер жарияланды, деп хабарлайды Taulik.kz. Ulysmedia.kz хабарлауынша, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның шикізат сатудан түсетін жыл сайынғы табысы 2 триллион теңгені құрайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Энергия ресурстарының бағасын, ішкі нарыққа жеткізілетін өнім үлесін (жанар-жағармай бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында) және өндіру көлемін қоса алғанда, компанияның жылдық табысы 1 триллион теңгеден аспайды. Мысалы, 2020 жылы мұнай саудасынан 477 млрд теңге қаржы түсті, ал 2022 жылы бұл сома 901 млрд теңгеге жетті», - делінген хабарламада.
Компаниядағылардың айтуынша, журналист Михаил Козачковтың жазбасында «Өзенмұнайгаз» шығындарының құрылымына қатысты жалған ақпарат берілген. ҚМГ дерегінше, биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 14 млрд теңге болған.

Апта талқысында: