logo
search
menu
Тоқаев Өзбекстан президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
ашық дереккөзі

Тоқаев Өзбекстан президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Тоқаев Өзбекстан президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсетеді деп атап өтті.

Әңгімелесу барысында Президент қазақ-өзбек қатынастарын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Мемлекет басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты және алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.