logo
search
menu

Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына жолдама алды

Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына жолдама алды
10 шілде, 2023
Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына жолдама алды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты. Осыған дейін бразилиялық спортшы Еленаны екі рет жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина брейкпен алға шықты - 3:1. Содан кейін өз геймін алды - 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты. Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер немесе рейтингте 9-сатыдағы чехиялық Петра Квитованың біреуімен таласады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы