logo
search
menu

Алдағы күндері елімізде 45 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін

Алдағы күндері елімізде 45 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін
12 шілде, 2023
Алдағы күндері елімізде 45 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Синоптиктер 13-15 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері елдің шығысында, 13 шілдеде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45°С-қа дейін аптап ыстық болады.
    «Күндіз ауа температурасы солтүстікте және орталықта +30°С-қа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін төмендейді, республиканың батысында негізгі фон +25+35°С болады», - дейді синоптиктер.
    Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
    «14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күн ашық болады», - делінген хабарламада.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы