Петропавлда 19 жастағы жігітті көлік қағып өлтірді

Петропавлда 19 жастағы жігітті көлік қағып өлтірді

ашық дереккөзі

Петропавлда 19 жастағы жігітті көлік қағып өлтірді, деп хабарлады Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 13 шілдеде сағат 00:10 шамасында Петропавл қаласы Қожаберген жырау көшесінде болған.

«Жол-көлік апаты салдарынан 38 жастағы ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі жол бөлігіне белгісіз жерде шыққан жаяу жүргіншіні басып кетті. 19 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарлаиада.
Оқиға орнына полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері келді.
«Алайда сағат 00:30 шамасында оқиға орнына жақын тұрған Hyundai H350 жедел жәрдем көлігі мен өтіп бара жатқан Mercedes-Benz 124 соқтығысты. Апат салдарынан 22 жастағы фельдшер медициналық мекемеге жатқызылды. 37 жастағы Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері ұстады», - делінген хабарламада.
ЖКО фактілері ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 345-1-бабының 1-бөлігі бойыншасотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қамалды.
«Полиция қажетті сараптамаларды тағайындау және түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал жинап жатыр. Анықтау жүріп жатыр», - деді полиция өкілдері.

Loading...