Күн сайын біздің планетамызда таңғажайып және жұмбақ оқиғалар орын алады, сонымен қатар бізді ойландыратын сан түрлі жаңалықтар ашылады. Жақында Австралияда болған осындай оқиғалардың бірі желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Taulik.kz. Австралияның жергілікті тұрғындары жағажайлардың бірінен су перісіне ұқсайтын, оғаш пішінді қаңқаны тауып алды. Бұл оқиға фотосурет иелерін де өте қатты таң қалдырып, қорқыныш пен үрей туғызған. Себебі көрген сәтті қаңқаны адамның қалдықтары деп ойлаған. Суретте көрсетілгендей, бас сүйегі мен қабырғасы бар қаңқадағы жаратылыстың бойы адамның бойымен бірдей, ал оның денесінің көбі ыдырап кетсе де терісі сулы болған. Әсіресе, ең қатты ерекшеленгені балықтың бас сүйегіне ұқсамайтын, керісінше адамның бас сүйегіне ұқсайтын бас сүйегі болған. Айта кетерлігі қаңқаның жағының ұзындығы жақ аймағында ұзын, бірақ дельфиннің немесе басқа теңіз жануарларының жақтарына ұқсамайды. Ал бас сүйегі болса адамның бас сүйегіне қатты ұқсайды, ал жүні кенгуру немесе түйенің жүніне ұқсайды. Фотографтар "теңіз жануарларының жаңа бір түрі табылуы мүмкін"- деп айрықша қуанды. Алайда британдық The Daily Star газеті қаңқаның су перісі емес, өлген киттің немесе дельфиннің қалдықтары деп болжаған. Бірақ логикалық тұрғыдан қарастырайық. Бұл қаңқа жоғарыда аталған жануарлардың ешқайсысына ұқсамайды. Ендеше суреттерге зер салып, қорытынды жасауға тырысайық. Сіз қалай ойлайсыз? Ол су перісі ме, әлде жай дельфин ме?
Loading...