Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді деп хабарлады Taulik.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 169,4 млрд теңге жұмсалды.
«1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 247 мың адам. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болды», – делінген хабарламада.